387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы «Батыс» көмір разрезінде өрт ошағы ауыздықталды

  • 154
  • UPD: 16:30, 24.08.2019
Қарағандыдағы «Батыс» көмір разрезінде өрт ошағы ауыздықталды

Қазіргі уақытта «Шұбаркөл көмір» АҚ «Батыс» разрезінде өрт ошағы ауыздықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда тұтану көздерін толықтай сөндіру және көмірі бар жыныстардың қайта  тұтануына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өртті ауыздықтау бойынша барлық шараларға қажетті тау-көлік құралдары мен кәсіпорын мамандары жұмылдырылуда. 

Еске салайық, 2019 жылдың 19 тамызында 15:40-та «Шұбаркөл көмір» АҚ «Батыс» разрезінде таудан 450 метр қашықтықта ПК13 көмір ойығында өрт шыққаны тіркелді. 20 тамызда сағат 08:00-де өрт көмірі бар жыныстарда тұтана бастаған. Өрт ошағын ауыздықтау және оны сөндіру бойынша шаралар жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы