386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


#Birge#TazaQazaqstan: Мәжіліс депутаттары елорда маңын қоқыстан тазартты

  • 140
  • UPD: 20:27, 24.08.2019

Мәжіліс депутаттары елорда маңында өткен #Birge#TazaQazaqstan акциясына қатысты.

Барлық саяси партиялардың парламенттік фракциялары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері еріктілермен бірге Нұра өзенінің жағасын қоқыстан тазартты. Белсенділер жағалауда жылдап жиналған пластик, шыны ыдыстар мен тұрмыстық қалдықтарды жинап, сұрыптады. Сенбілікте жиналған қоқыстың бір бөлігі қайта өңделеді. Өңдеуге келмейтіні жойылады. Мың жарымдай адам қатысқан экологиялық акцияда барлығы 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

Глеб Щегельский, ҚР Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы:

– Мәжіліс депутаттары #Birge#TazaQazaqstan акциясын қолдайды. Мұндай акциялардың қажет екені сөзсіз. Осы орайда табиғатты сақтаудың ең бастысы – оны ластамау. Біз алдағы сессияда қоршаған ортаны ластағаны үшін жазаны қатайту бойынша жұмыс істейтін боламыз. Әсіресе, қазір Үкіметпен бірге біз жаңа Экологиялық кодексті әзірлеу үстіндеміз. Бұл мәселелердің бәрі сол жерде ескеріледі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы