386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


BI Group жаңа өнімдерін таныстырды

  • 147
  • UPD: 21:45, 24.08.2019

BI Group құрылыс компаниясы көпшілікке жаңа өнімдерін таныстырды.

Енді тұтынушылар пәтер ішіндегі жөндеу жұмыстарын онлайн режимде жүргізе алады. Ол үшін арнайы сайтқа кіріп, қалаған дизайн, материалыңызды көрсетсеңіз жеткілікті.

«Smart Home» жүйесі еліміздің ірі қалаларында кеңінен тарап келеді. Енді ол BI Group компаниясының тұтынушыларына да қолжетімді. Қыркүйек айынан бастап жаңа пәтерлердің басым көпшілігіне осындай технология енгізіледі. Бұл бизнес санатты тұрғын үйлерге ғана қатысты емес. Сондай-ақ компания салатын өзге де пәтерлер бұл жүйемен жабдықталады.

Айдын Рахымбаев, «BI Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы:

– Ақылды үйлер – біздің компанияның бірегей шешімдерінің бірі. Енді BI Group-тың дайын пәтерлері осындай болады. Бұл салада бұрын-соңды мұндай жаңашылдық болған емес. Сондықтан революция жасап жатырмыз деуге болады.  

Компания ұсынып отырған тағы бір жоба – «смартремонт» деп аталады. Бұл өнім жөндеу жұмыстарын онлайн режимде жүргізуге мүмкіндік береді. Пәтер иесі бөлмелердің дизайнын таңдап, құрылыс материалдарын сатып алып қана қоймай, техника мен жиһазға да тапсырыс бере алады.  

Айдын Рахымбаев, BI Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы:

– Жөндеу жұмыстарын пәтерге бармай-ақ аяқтауға болады. Техникалық бақылауды инженер жүзеге асырады. Бастысы – бағасы аса қымбат емес. Себебі компанияға материал алған кезде жеңілдік жасалады. Ал бұл материалды біз тұтынушыларымызға ұсынамыз. Сондықтан жөндеу жұмыстары арзанға түседі. 

Компания басшылары тұтынушыларға BI Clients деп аталатын тағы бір жобаны таныстырды. Ол қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Әзірге бұл жүйенің қызметіне 300-ге жуық тұрғын үй кешені жүгінді. Оның тағы бір ерекшелігі – тұрғындар арнайы қосымша арқылы қаражаттың қайда жұмсалғанын бақылап отырады. 

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Айбын Құсанбеков

Хабар 24 телеарнасы