387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық болашақ офицерлер әскери дайындықтан өтті

  • 182
  • UPD: 21:32, 24.08.2019
Алматылық болашақ офицерлер әскери дайындықтан өтті

Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары жалпы әскери дайындықтан өтті.

Бір ай бойы болашақ офицерлер түрлі оқу-жаттығуларды орындап, жауынгерліктің қыр-сырын меңгерді.

Автоматпен атып, алғашқы медициналық көмек көрсету. Офицер болуды армандап, өз өмірін әскери қызметпен байлағандардың алғашқы жаттығулары осыдан басталады. Әрі қарай жас жауынгерді күтетін ең күрделі сынақ – «танктің астына жату». «Бұл жаттығу курсанттардың психологиялық беріктігін қалыптастырып, кез келген жағдайда әрекет етуге дайындайды», - дейді мамандар.

Жұмабек Хасенов, әскери институт бастығының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары:

– Танкктің астына жатып, танк өтіп кеткеннен кейін танкіні жою болады. Бұл әрбір курсанттың үлкен емтиханы болды. Сол емтиханнан жаңадан келген курсанттарымыздың барлығы абыроймен өтіп шықты. Соның арасында өзіміздің жасөспірім 9 қыздарымыз да осы емтиханды абыроймен тапсырды.

Болашақ отан қорғаушылар барлық жағынан мықты болуы шарт. Сондықтан дене шынықтырумен қатар, жауынгерлер әскери жарғыларды жаттап, инжелерлік білімін шыңдайды. Биыл бас аяғы 300 курссант әскери дайындықтан өтті.

Жұмабек Хасенов, әскери институт бастығының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары:

– Осының бәрінен біздің бірінші курсқа барған курсанттарымыз жақсы бағамен өтті деп айтуға болады. Биылғы түскен балалардың ерекшелігі – білімдері жоғары. Елімізге, халқымызға деген сүйіспеншілік деңгейі өте жоғары.

Темірдей тәртіп пен төзімділікті талап ететін жолда болашақ офицерлер алғашқы сыннан сүрінбей өтті. Ендігі сатыда жас жауынгерлер ант қабылдап, Құрлық әскерлері әскери институтында оқуды бастайды.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы