387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 400-ге жуық әке алимент төлеуден жалтарып жүр

  • 214
  • UPD: 09:05, 25.08.2019
Жамбыл облысында 400-ге жуық әке алимент төлеуден жалтарып жүр

Жамбыл облысында 11 мыңнан астам адам алимент төлейді. Оның 400-ге жуығы борышын өтеуден жалтарып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көбінесе олардың тұрақты жұмысы не басында мүлкі болмайды. Соңғы уақытта қашқын әкелердің тапқан табысын жасырып, жалақысын төмендетіп көрсету деректері жиілеген. Бұл оларға осындай мүмкіндік жасаған жеке жұмыс берушілерге мемлекетке салықты аз мөлшерде төлеу үшін қолайлы болып тұр. Соның салдарынан сот орындаушыларға берешектерді өндіру кезінде бірқатар қиындықтар туғызып отыр. Енді алимент төлеуден қасақана жалтарғандар мен көлеңкелі бизнеске қарсы жұмыстар күшейтіледі. Бұл бағытта мемлекеттік және құқық қорғау органдары өзара іс-қимыл механизмін бекітіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ернар Ыбыраев, жеке сот орындаушылары республикалық палатасының басқарма төрағасы:

- Жамбыл облысында  377 проблемалы алимент болса, тек 126-сы әкімшілік жауапқа тартылған. Қалғандары жауапсыз жүр. Борышкер алимент төлемей тұрған кезде ол бірінші дәреже болып есептеледі. Айыппұл ол 4 дәреже ол оны әрине төлемейді. Ол тағы орындалмайтын атқару құжатын біз тудырып жатырмыз. Сол себептен соттарға айыппұл емес, оларға арест берілсін деп сұрадым.

Хабар 24 телеарнасы