387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел дамуының стратегиялық мақсаттарының орындалуына жастарды жұмылдыру қажет

  • 134
  • UPD: 10:10, 25.08.2019
Ел дамуының стратегиялық мақсаттарының орындалуына жастарды жұмылдыру қажет

Елбасының бас партия төңірегіне жастарды біріктіру жөніндегі тапсырмасы үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Партия төрағасы бұл арқылы еліміздің саяси өміріне, ел дамуының стратегиялық мақсаттарының орындалуына жастарды жұмылдыру қажеттігін көрсетіп отыр. «Енді сенімді ақтап, нағыз білім мен біліктілікті көрсететін уақыт жетті», - деп санайды жамбылдық жастар.

Серікбол Берікқожа, қалалық мәслихат депутаты:

- Оларды идеялары бір, ойлары бір партиялас әріптес ретінде «Nur Otan» партиясының жанына топтастыру керек. Және оларға тың мүмкіндіктер беріп, саяси мектептер өту мәселесін де Елбасы шегелеп айтты десек қателеспейміз. Бюроға жастардың көшбасшысы ретінде «Жас Отан» жастар қанатының республикалық көшбасшысын сайлаудың өзі біздің жастарға деген көңілдің ерекше екендігін атап өткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы