387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда оқу жылы қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 154
  • UPD: 11:20, 25.08.2019
Талдықорғанда оқу жылы қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Өткен жылдың жеті айында Талдықорғандағы 37 оқушыны көлік қақса, биыл бұл көрсеткіш 40-қа жетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа оқу жылының алдында балаларды жол-көлік апатына ұшыратпау үшін тәртіп сақшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті. Әсіресе, қауіпті аймақтар мен жол көлік оқиғалары тіркелген жерлерге муляждар орнатып жатыр. Алыстан қарағанда патрульдік полиция көлігіндей көрінеді. Ал, жақындай келе оның қағаз екенін аңғаруға болады. Сонымен қатар жасөспірімдер көптеп жүретін негізгі жолдарға да сөмке арқалаған оқушының суреті қойылды. Ерекше тәсіл жүргізушілердің жылдамдықты тежеуіне ықпал етеді. Сөйтіп, қайғылы жағдайдың алдын алуға сеп болмақ.

Қанатбек мұратбеков, облыстық полиция департаменті жпп командирі

- Автомобиль жолдары балалар үшін аса қауіпті аймақ болып есептеледі. Сондықтан сабақ басталмай тұрып ата-аналар өз балаларына жолда жүру ережесін түсіндірсе екен. Сонымен бірге жаңа оқу жылында біздің қызметкерлер әрбір мектеп алдында кезекшілік атқаратын болады.

Хабар 24 телеарнасы