389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде ядролық сынақтар туралы деректі фильм көрсетілді

  • 184
  • UPD: 12:50, 25.08.2019

Ядролық сынақтармен күрес күніне орай Ресейдің қоғамдық палатасында британдық режиссер Андре Зингердің «Жел қайда соқты» атты деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл - әскери сұмдық тәжірибелерді басынан кешкен жүздеген мың қазақстандықтың қасіреті туралы туынды. Себебі, Семей ядролық полигонында 500 мыңнан астам сынақ өткізілді. Салдарынан 1,5 миллионнан астам адам радиациялық сәуле алды. Сондықтан 29 тамыз күні Ядролық сынақтарға қарсы дүниежүзілік күн болып бекітілген. Бұл – қазақстандықтардың ядролық қаруды сынауға қарсы күресінің жемісі.

Әлімжан Ахметов, халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры:

- Қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау мәселелерін талқылауға жиналған мамандарға біздің ел таныс. Қазақстан ядролық қарудан бас тартты, ең ірі полигонды жауып, әлем алдында өзінше бедел жинады. Және де бұл шешім өзге де сынақ алаңдарын жабуға негіз болып, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімді дайындауға итермеледі.

Қаріпбек Күйіков, атом жобасының құрметті елшісі:

- Прездиент полигонды жабу туралы шешім қабылдағанда біздің бәріміз қуандық. Желтоқсан айында мен БҰҰ мінберінен сөйлеп, ядролық қаруға жаппай тыйым салу келісіміне қол қоймаған өзге елдердің басшыларына үндеу жолдадым. Жалпы біз ядролық қару мәселесін әрдайым назарда ұстауымыз керек деп ойлаймын.

 

Хабар 24 телеарнасы