Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы мәслихат сайлауында жастарға басымдылық берілмек

  • 122
  • UPD: 13:51, 25.08.2019
Алдағы мәслихат сайлауында жастарға басымдылық берілмек newtimes.kz

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы енді партия жұмысын одан әрі жандандырамыз деп отыр.

Бұған Елбасының кешегі кеңейтілген кеңесте айтқан сөздері негіз.

Әсіресе, депутаттық фракцияның қоғам өмірі мен бюджеттің түзілуіне ерекше әсер ете алуын мықтап қолға алмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Онсыз да республикада алдыңғы орында келе жатқан облыс депутаттарына енді жауапкершілік одан сайын еселеп жүктеледі», - дейді, партия филиалындағылар. Мәселен, облыстық мәслихат депутаттары, салалық министрлік тиімсіз деп тапқан Степняк қаласына аурухана салу мәселесін қайта көтеріп, оның құрылысына қаражат бөлгізген. «Мұндай мысалдар өте көп», - дейді жергілікті нұротандықтар. Жалпы қазір Ақмола облысы бойынша партияның 250-ден астам мәслихат депутаты бар. Ал, алдағы мәслихат сайлауында жастарға басымдылық берілмек.

Азамат Біржанов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Өзіміздің партиялық кадрлық резерв құрайтын боламыз. Ең бастысы, әрине, халықтың мұң-мұқтажын, өзінің азаматтық абыройымен, өзінің азаматтық борышымен жұмыс жасап жатқан азаматтарды өзімізге тартамыз. Олармен бірге жұмыс жасаймыз. Егер де олардың арасында жаңағы халқымыздың мәселелерін шеше алатын азаматтар болса, әрине, партияға шақырып, мына тізімге кіргізіп, келесі мәслихат сайлауларында әрине, олармен жұмыс жасап, Алла жазса, депутаттық қатарына кіргізу деген де мақсаттарымыз бар.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы