386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жолаушылар тасымалын жетілдіру мәселесі қолға алынды

  • 132
  • UPD: 15:18, 25.08.2019
Өскеменде жолаушылар тасымалын жетілдіру мәселесі қолға алынды

Өскеменде қала ішінде жолаушылар тасымалын жетілдіру әрі қолайлы ету мәселесі күн тәртібіне қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиімді жолы қарастырылып, инфрақұрылымды сараптап, оны реттеу үшін 35 миллион теңге тұратын арнайы зерттеу жұмысына тапсырыс берілді. Мамандардың айтуынша, қазіргі кестенің жаңартылмағанына 20 жылға жуықтапты. Ал шаһар болса, күн санап үлкейіп келеді. Басты және соңғы аялдамалар арақашықтығы кей жерде 10 шақырымға дейін жетеді. Осылайша, автобустар кестеден қалып, екі ортада жолаушылар әуреге түседі. Өскемендегі 10 тасымалдаушы кәсіпорында 800-ге жуық көлік бар. Алайда олардың көпшілігінің зауыттан шыққанына 10-15 жылдан асып кеткен. Жаңа автобустар алуға компаниялардың қауқары жетер емес. Бүгінгі күні қала басшылығы инвесторларды тарту арқылы,5,4 миллиард теңгеге автобус паркін жаңартуды көздеп отыр.

Владимир Землянский, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Бүгінгі күні 85 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр.Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Шамамен келер жылдың алғашқы жартысында бұл жоспар іске асырылады. Ол көліктер автобус парктеріне жалға берілуі мүмкін. Осылайша, қаладағы жолаушылар көлігінің тапшылығы біршама шешім табады.

Хабар 24 телеарнасы