386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық диқандар жаппай егін орағына кірісті

  • 102
Ақмолалық диқандар жаппай егін орағына кірісті

Ақмола облысының диқандары жаппай егін орағына кірісті.

Биыл аймақта 4 млн 800 мың гектар жерге дән себілсе, оның басым бөлігі бидай алқаптарының үлесінде. Орақ науқанына 8 мыңнан астам комбайн атсалысады. Ал олардың жартысына жуығы өнімділігі – өте жоғары импорттық техникалар. Жанармай да жеткілікті, – дейді жауаптылар. Себебі Үкіметтен 72 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Шаруалар биыл мол әрі сапалы астық алудан үмітті. Мамандардың айтуынша, осы жылы орташа өнімділік облыс бойынша гектарына 12 центнерден айналуы мүмкін. Айта кетейік, өткен жылы өңір шаруалары 5 млн тонна өнім жинаған болатын.  

Хабар 24 телеарнасы