389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорына 2 мың тоннаға жуық көкөніс салынады

  • 164
Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорына 2 мың тоннаға жуық көкөніс салынады

Ақтөбе облысында биыл тұрақтандыру қорына 2 мың тоннаға жуық көкөніс салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнімдердің барлығы жергілікті алқаптарда өскен. Атап айтқанда 1400 тонна картоп, 100 тоннадан сәбіз бен қырыққабат және 200 тонна пияз сатып алынды. Қыс мезгілінде, яғни желтоқсан мен наурыз айлары аралығында бұл тауарларды жергілікті коммуналдық базарлардан табуға болады. Құны да сәйкесінше нарық бағасынан арзан болуы тиіс. Қыс азығын қамбаға салуға бюджеттен биыл 80 миллион теңге бөлініпті. Тауар сапасын сарапшылардан құрылған арнайы комиссия қадағалайтын болады. Коммуналдық қорға өнім беруге әзір шаруа қожалықтарына жеңілдіктер де қарастырылған.

Ермек Батинов, «Ақтөбе» ӘКК агрокәсіп кешені басқармасының басшысы:

– Сақтандыру қорын құру кезінде сатып алу тәртібі фьючерстік келісімшарттар арқылы жүргізіледі. Өнім жеткізушіге қаражаттың бір бөлігін алдын ала беру арқылы оған қолдау көрсетеміз. Яғни ол қаражат егіс жұмыстарына пайдаланылады.

Хабар 24 телеарнасы