387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау-Астрахань тас жолының құрылысы басталды

  • 149
Атырау-Астрахань тас жолының құрылысы басталды

Атырау облысында 30 жыл бойы жөндеу көрмеген Атырау-Астрахань тас жолының алғашқы 60 шақырымында құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мердігер мекемелер қызу еңбек етіп жатыр. Екінші санаттағы жаңа жолдың жалпы ені – 15 метр, ал негізгі автокөлік жүретін жолағы – 9 метр. Қалған 217 шақырымға қажетті қаржы мәселесі де шешіліп тұр. Халықаралық маңыздағы күре жолдың жалпы ұзындығы 300 шақырымға жуықтайды. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңына қарай аяқталуы тиіс. 

Әлзада Әбілов, жоба жетекшісі:

– Құрылыс жұмыстары басталғалы бері біз 22 су құбырын ауыстырдық. Бұл – жаңбыр мен қар суларын еңіс бағытқа қарай өткізуші ауқымды құбырлар. Одан кейін өзен-суларға өткел болатын 12 үлкен көпір құрылысын бастаймыз. Соның бірі – Шарон өзенін басып өтетін күрделі көпір құрылысы.

Хабар 24 телеарнасы