385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

  • 164
  • UPD: 12:04, 26.08.2019
Нұр-Сұлтанда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді aikyn.kz

Нұр-Сұлтан қаласында жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықты жұмыспен қамту орталығынан мәлім еткендей, жалпықалалық жәрмеңке 28 тамыз күні «Жастар» сарайында сағат 10:00-13:00 аралығында өтеді. Шараға 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

«Іс-шараның мақсаты – оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, жалпы жастарды еңбекке тарту, мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпараттандыру», – деді орталықтан.

Хабар 24 телеарнасы