389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Спорт университеті ашылады

  • 484
  • UPD: 12:42, 26.08.2019
Елімізде Спорт университеті ашылады kazlenta.kz

Болашақта Қазақстанда Спорт университеті құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Болашақта елімізде Спорт университетін құру жоспарда бар. Ол жерде барлық салаларда спортшыларды дайындаумен байланысты түрлі бағытты қамтитын факультеттер болады. Спорт университеті барлық проблеманы шешуі тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар, ол бұл бағыттағы жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, өзге де мемлекеттік органдармен келісу процедурасын өткізіп жатырмыз. Сондықтан мәселе әзірше ашық, біз барлығын әзірледік, ұсыныс енгізудеміз. Мәселе шешіліп жатыр. Таяу 4 жылдың ішінде шешіледі», – деді Серік Сәпиев.

Хабар 24 телеарнасы