389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада отбасылық институтты қолдауға арналған жаңа орталық ашылды

  • 339
  • UPD: 16:48, 26.08.2019

Елордада отбасы институтын қолдауға арналған «Жанұя» орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық «бір терезе» қағидасына негізделген. Бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Алтай Көлгінов орталықтың жұмысымен танысып, өз бағасын берді. Бір ерекшелігі «Оpen space» алаңы қала тұрғындарына жұмыс табудан бастып, барша қажетті қызметтерді көрсетеді. Сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй алу, бизнес ашу сынды тағы да басқа мәселелер бойынша кеңес береді. Орталықта 12 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жұмыс істейді. Мұнда «Кәсіпкер ана» деген аналарға арналған, бизнестерін дамытуға қолдау көрсететін орталық та бар. Мамандар көп балалы және аз қамтылған отбасыларға өз кәсібін ашуға жан-жақты қолдауға дайын.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Біздің ең негізгі мақсатымыз – 12 мүшесі сау адамның қолынан жұмыс келетін адамдарды жұмысқа орналастыру. Ол үшін білім беріп, мамандық жағынан жұмысқа орналасуына көмектесуіміз керек. Қазір неше түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. 1-6 айға дейін курстар бар. Соны оқып, қазіргі экономикалық мамандықтарды алу керек.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

– Бұл орталық тұрғындардың сұранысымен ашылып жатыр. Бұл жерде әкім және өзім келіп қабылдау өткіземін. Орынбасарлар, басқарма басшылар бар кестеге сәйкес қабылдау да өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы