387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еселенген салық отандық кәсіпкерлерге кедергі келтіріп отыр

  • 197
Еселенген салық отандық кәсіпкерлерге кедергі келтіріп отыр

Отандық кәсіпкерлер шетелге тауарларын шығаруда еселенген салық төлеуден жапа шегіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал керісінше елімізге келетін импорттық тауарлар шекара мен кеденнен емін-еркін өтеді, дейді Шымкенттегі энергетикалық сусындар мен түрлі сулар шығаратын кәсіпорын басшысы Ерлан Омаров. Аталмыш зауыт бүгінде өнімнің он төрт түрі бойынша 35 миллион дана сусын мен шырын шығаруды жолға қойған. «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ашылған өндіріс орнының жұмысымен Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл танысты. Кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Ал шикізатқа жергілікті өнімдер қолданылады. Айта кетейік, мұнда 150 жұмыс орны ашылып отыр.

Бақытбек Смағұл, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

– Көрші Өзбекстан елінде біздің өнімдердің барлығына сұраныс көп. Бірақ олардың салықтары 6-7 есе қымбат. Ал біздің елге кіріп жатқан шетелдік өнімдерге ондай жағдай жоқ. Осы мәселелерді айтқым келіп отыр. Оны Парламентте көтеруге тиістімін. Өздерінің іс қабілеті бар мекемелердің барлығына ықпал жасау – ол біздің міндетіміз.

Хабар 24 телеарнасы