389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шиелідегі сүт өңдеу цехы сиырдың сүтінен қымыз өндіре бастады

  • 279
  • UPD: 20:04, 26.08.2019

Технолог Баян Дүйсенбектің ойлап тапқан ерекше сусыны Алматыдағы Ұлттық биотехнология орталығы мен аграрлық университетте зерттелген екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Технолог – Баян Дүйсенбектің қолынан күн сайын пробиркалары түспейді. Ол арнайы цех лабораториясында сүт құрамын зерттейді, құнарлы жаңа өнім түрлерін шығару бағытында ізденеді. Бұған дейін ұзақ сақталатын ашытқы, шұбаттан балмұздақ шығарған Баян енді сиыр сүтінен қымыз өндіруге білек сыбанып кірісіп отыр.

Баян Дүйсенбек, технолог:

- Сиыр сүтінен бөлінетін сарысуды пайдалана отырып, қымыз өңдеп шығарып жатырмыз. Жылқының сүтімен өте қатты дәрежеде айырмашылығы жоқ. Негізгі пайдасы өте зор. Ішкі ағза, асқазан құрылысына, одан бөлек сиыр сүтінен бөлінетін сарысудың адам ағзасына берері өте мол.

Цехта күніне 3 тоннадай сиыр сүті өңделеді. Одан 1 тоннаға жуық сарысу бөлініп, қалдық ретінде пайдаға аспай қалады екен. Ал Баян Дүйсенбектің құнарлы сусыны сол қалдықтан жасалады. Демек, тағы бір пайдасы – қалдықсыз өндіріс құруға мүмкіндік туып тұр.

Баян Дүйсенбек, технолог:

- Алматы қаласында ұлттық биотехнологиялық орталық бар, солармен бірлесе отырып, аграрлық университетпен бірлесе отырып, бірге жасалып жатыр бұл жұмыс. Әлі де тексерілу үстінде, толыққанды тексеріліп болғасын біз оны арнайы сатылымға жібереміз.

Шағын цехтағы үлкен жаңалықтар болашақ ірі бизнес жобаларға да негіз болған.

Сабыр Ермаханов, кәсіпкер:

- 2016 жылы бізде ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылып, бастапқы кезде 10 мүше болды, қазіргі кезде 35 мүшеміз бар. 80 адам жұмыс істеп жатыр, 750 түйе бағып жатырмыз, 285 сиыр, 150 жылқы бар. Таза өнім болғандықтан сұраныс көбейіп жатыр, сондықтан да біз малдың санын көбейтіп, өнімді де ұлғайтып жатырмыз жылдан жылға.

Әзірге бұл цех жергілікті тұрғындарды шұбат, айран, құрт, ірімшік секілді 10 түрлі сүт өнімімен қамтамасыз етіп отыр. «Дегенмен, өндірісті де, нарықты да кеңейту жоспарда бар дейді», - мамандар. 

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамед Байділдаев

Хабар 24 телеарнасы