389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында биыл егістіктің шамамен 20%-і күйіп кеткен

  • 159
  • UPD: 21:52, 26.08.2019
Қостанай облысында биыл егістіктің шамамен 20%-і күйіп кеткен

Қостанай облысы болса биыл қуаңшылыққа тап болды. Диқандар осы науқанда 4 миллионға жуық гектар аумақтан өнім жинайды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бүгінге дейін 500 мың тоннадай астық орылды. Бірақ гектарына 5 центнерге де жетпейді. Жаз бойы тұрған аптап ыстық, осылайша, астық түсіміне әсер етті. Сөйтіп, егістіктің шамамен 20%-і күйіп кеткен. Мысалы шығымдылығы мол саналатын Қостанай ауданының өзінде танаптар гектарына 7 центнерден өнім берді. Былтыр көрсеткіш бұдан 2-3 есе жоғары болған. Дегенмен, егістікті алдын ала сақтандырған диқандар шығынның бір бөлігін қайтаруға ниетті. Орақ науқанынан соң, есеп-қисап жұмыстары жүргізіледі.

Мұрат Досжанов, Қостанай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

- Барлық шаруашылықтар дәнді-дақылдарды 100 пайыз сақтандырды ғой. Қазіргі кезде біздің бөлімге 6 арыз келіп түскен. Сол арыздар бойынша комиссия құрып, соның бәрін тексеріп шығып қараймыз.

Хабар 24 телеарнасы