389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық өнертапқыштар сумен жанатын пеш жасап шығарды

  • 357
  • UPD: 22:26, 26.08.2019

Елордалықтар сумен жанатын пеш жасап, айды аспанға шығарды.

Арқаның арқыраған қысында көмір үнемдеудің тың әдісін «Хабар 24» тілшісі Ғазиза Мұхамеджанова біліп қайтты.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Мына пештің қуаттылығы мың градусқа дейін жетеді. Ұзындығы екі метр шамасындағы жылыту құралының ішіне арнайы кірпіштер қаланған. Бір қызығы, бұл пешті көмірмен тұтатып, сумен қыздыруға болады.

Мына бункерге көмір салынады. Салынып, қақпағы жабылғаннан кейін есікті ашып, тұтатамыз. От жаққанан кейін 10 минут қыздырамыз. Қыздырғаннан кейін суды береміз. Мынау тамшылау жүйесі.

Реакторға түскен су құрғақ буға айналады. Жоғары температурадан бу ыдырап, нәтижесінде сутегі пайда болады. Осы сутегі пештің ұзақ жануын қамтамасыз етеді. Сәйкесінше, көмірді де үнемдейді.

Саят Құлманбетов, жоба авторларының бірі:

- Бір қазандықты дайындауға орта есеппен үш күн кетеді. Қазір мұнда бес адам жұмыс істейді. Бір айда 15 пеш құрастырамыз. Ал жоғары қуатты қондырғылар мен жұмыс күшін көбейту арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға болады. Мақсатымыз айына 80-100 қазандық шығару.

Экологиялық әрі экономикалық тиімді қондырғыны жасамас бұрын инженерлер саланы біраз зерттеген. Өзге жылыту пештеріндегі кемшіліктерді ескеріп, барынша пайдалануға қолайлы құрал шығарған. Бір жыл тәжірибеден өткізіп, заманауи пештің артықшылықтарына алдымен өздері көз жеткізген.

Болат Кариев, инженер:

- Негізі айтады ғой спортта, самбода әртүрлі саланың жетістіктері жиналып, солай қырылады ғой. Бұл да сондай. Барлық бүгінгі күнгі технологияның жетістіктерімен есептеліп жасалған дүние.

Өнертапқыштар «әлеуметтік маңызы бар нысандарда осындай қазандықты пайдалану арқылы біраз қаржы үнемдеуге болады», дейді. Қазір авторлар пешке арнайы құрылғы орнатып, қашықтықтан басқару жүйесін енгізбек. Сондықтан үйдегі пештің температурасын түзде жүріп, телефонмен өзгерткен адамды көрсеңіз таңғалмаңыз.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы