Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Атырау-Астрахань» тасжолының құрылысы басталды

  • 100
  • UPD: 05:00, 27.08.2019

Атырау облысында 30 жыл бойы жөндеу көрмеген «Атырау-Астрахань» тасжолының жағдайын отандастарымыз ғана емес, шекара асып ары-бері келіп-кететін ТМД елдерінің жолаушылары да жақсы біледі. Дегенмен, биыл осы жол торабының алғашқы 60 шақырымында құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық маңыздағы күрежолдың жалпы ұзындығы 277 шақырым. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңына қарай аяқталуы тиіс.

Атырау облысында 30 жыл бойы жөндеу көрмеген «Атырау-Астрахань» тас жолының жағдайын отандастарымыз ғана емес, шекара асып ары-бері келіп-кететін ТМД елдерінің жолаушылары да жақсы біледі. Өткені жылдар бойына жол машақатынан әбден ығыр болған. Дегенмен, биыл осы жол торабының алғашқы 60 шақырымында құрылыс жұмыстары басталды. Қазір мердігер мекемелер қызу кірісіп жатыр. Халықаралық маңыздағы күре жолдың жалпы ұзындығы 277 шақырым. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңына қарай аяқталуы тиіс.

Үнемі ұзақ жолға жүк таситын ауыр автокөліктердің жүргізуішлері 300 шақырымға жуықтайтын  бұл аралықты «азап жолы» деп атайды. Экстремалдық автоспорт жарысына қатысушымыз деп әзілдейтін де бар. Кім қалай десе де бұл жолдың сапасы сын көтермейтіндігі ақиқат.

Ербай Әйтімов, көлік жүргізушісі:

- Біз осы жолды 30 жыл бойы күттік. Көлікпен екі рет жүріп шықсаң болды, көлік бұзылады. Көптеген қиындық көрдік. Жолда көлік апаты көп. Талай рет көлігіміз бұзылып, жолда қалдық.

Көп жылдарды еңсеріп барып, ақыры сең қозғалды. Қазір алғашқы 60 шақырымға тақтайдай тегіс, кең жолақты асфальт төселіп жатыр. Жер табанына төселетін қиыршық тастан бөлек, екі қабатты асфальт-бетонмен қосқанда жалпы қалыңдығы 55 сантиметр болады. Ал ені 15 метр, оның ішінде көлік жүретін аралығы 9 метрді құрайды.

Әлзада Әбілов, жоба жетекшісі:

- Құрылыс жұмыстары басталғалы бері біз 22 су құбырын ауыстырдық. Бұл жаңбыр мен қар суларын еңіс бағытқа қарай өткізуші ауқымды құбырлар. Одан кейін өзен-суларға өткел болатын 12 үлкен көпір құрылысын бастаймыз. Соның бірі Шарон өзенін басып өтетін күрделі көпір құрылысы.

Құрылыс жұмыстарына 240 адам тартылған. Негізінен жергілікті тұрғындарды құрайтын топ алдағы екі жылда тұрақты жалақы алатын болады. Қазір қалған 217 шақырымға қажетті қаржы мәселесі де шешіліп тұр. Президент тапсырмасы бойынша жалпы жұмыс 2021 жылдың соңына қарай толық аяқталуы тіис. Бұл жоба еліміздегі көлік-логистикалық саласы мен ішкі-сыртқы туризмнің дамуына үлкен мүмкіндік береді. Өйткені халықаралық маңыздағы осы жоба Еуропа, ТМД елдерінің жол-көлік қатынасын  қатынасын Орталық Азия мен Қытайға дейін жалғастырады.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы