389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зайсан ауданындағы отбасы тары мен талқанды шетелге экспорттап отыр

  • 166
  • UPD: 10:06, 27.08.2019

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы бүтіндей бір отбасы қазақтың жеңсік асы - тары мен талқанды ұлттық брендке айналдыруға ұмтылды.

Егінді де өздері егіп, шыққан өнімді өздері игеріп, тары түйіп,  талқанға айналдырып, кластер дегеннің классикалық үлгісін көрсетуде. Жоба кеше ғана басталған секілді еді, тары-талқанын іште саудалап ғана қоймай, енді экспорттау жағына ойысты.

Жеңсік астың жемісін көріп отырған әулет азаматтары осылар. Бірлік пен Байлық бастаған кәсіп біртіндеп тиімділігін көрсетіп келеді. 15 жылдан бері тек егін егіп  нәпақа тауып келген олар, бір жыл бұрын елде жоқ жобаны қолға алған. Күніне 3 тонна талқан түйеді. Сұлы мен тарының талқаны, қоспаға арналған тары сынды 7 түрлі өнім қапталады. Бүгінде  алғашқы 25 тоннасы Қытай еліне  экспортталған. 

Бірлік Мамырбек, кәсіпкер:

- Қазақстанның астығы болсын,еті болсын қай нәрсесі болсы, бізде жасыл өнім ғой, бұған Қытай ғана емес, бүкіл Еуропа қызығады, біздің талқанға, жалпы Еуропаға шығару да ойымыз бар бұл талқанды. 

Қара астықтың жал-жаясы аталған бұл тағамды әсіресе кішкентайлар таласа жейді.Балалар  бір жеп алса, бірталайға дейін қарындары тоқ болып, алаңсыз ойынға кіріседі. Ал  талқанның пайдасы туралы біреу білсе, біреу білмейді. 

Нәйтән Қалиолда, әулет анасы:

- Тарының жақсылығы көп,ол балалардың асқазанына да жақсы. Ал үлкендер жағынан алсақ, асқазанның түгі жатқан дейтін болса, асқазанның түгін тұрғызаы.Денсаулыққа пайдасы жоғары,өйткені бұлш таза өнім. 

Қазір ағайындылар   жауын шашын болса да,егіс басына жиі барады. Өйткені жиын терін науқаны басталатын кез жақын. Дәнді дақылдары 500 гектар жерге егілген. Оны шығынсыз қамбаға жинау жауапты іс. 

Байлық Мамырбек, кәсіпкер:

- Әулет болы істеу өзімнің туған туыстарым бірігіп жұмысты тыңғылықты істейді, одан соң жұмыс өнімі де артады. Сенімді, өзіміз бірыңғай әкемнің аға бауырларымен 4-5 ағайынды бірақ келдік. Отбасылық бизнес деп бастап соны жүргіздік.

Отбасылық кәсіптің өнімі ел ішінде де үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі күні Алматыдағы бірнеше сауда үйлерімен екі жақты келісім шарт жасалыпты. Сонымен қатар бұл тағамды аурухана, мектеп асханасына ұсыну туралы ойлары да бар. Ал негізгі мақсаттары тары мен талқанды әлемдік брендке айналдыру.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы