387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі балалар болды

  • 158
  • UPD: 09:12, 27.08.2019
Түркістан облысында қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі балалар болды

Ресми дерек бойынша Түркістан облысында жыл басынан бері 736 адам қызылшамен ауырған. Олардың көбі 3 жасқа дейінгі сәбилер.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қызылша вирусының көптеп таралуына азаматтардың екпеден бас тартуы себеп болған. Сондықтан осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында еліміздегі 20 мен 27 жас аралығындағы барлық азаматтарды жаппай иммундау шарасы жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, қызылша вирусы ауа арқылы жұғады. Сондай-ақ вирус ауруды тасымалдаушы кеткеннен кейін екі сағатқа дейін ауада сақталады. Сондықтан қызылшаны жұқтырған адам өзінің вирусын таратып жүргенін білмей де қалады. Осыны алға тартқан мамандар бүгінде қосымша иммундау жұмыстарына дайындалып жатыр.

Айта кетейік, егу жұмыстары тұрғылықты мекенжай бойынша барлық медициналық мекемелердің егу бөлмесінде тегін жүргізіледі. Сондықтан барлық азаматтың екпені салдыруға мүмкіндігі бар.

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас сарапшысы:

- Қызылшаға қарсы егілу бұл қарсы инфекцияның алдын алудың бірден бір тиімді әдісі екенін ұмытпау керек. Сол үшін қыркүйек айынан бастап, Қазақстанның аумағында қызылша мен қызамыққа қарсы иммундау жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы