389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жылқы ұрлап бара жатқан күдікті ұсталды

  • 164
  • UPD: 12:45, 27.08.2019
Түркістан облысында жылқы ұрлап бара жатқан күдікті ұсталды

Сарыағаш АПБ-не үйінде жылқы ұстап, саумал сату кәсібімен айналысатын жергілікті тұрғын арызданады.

Ол өз арызында тұрғын үйінің жанында жүрген екі бас жылқысы белгісіз бағытқа кетіп қалып, жоғалғаны жөнінде аудандық полицейлерге хабар берген, деп жазады otyrar.kz.

Жылқылардың жоғалғаны жайлы дерек түсе салысымен ЖПҚ патрульдік полиция тобының аға инспекторы, полиция старшинасы Дінмұханбет Көшкінбаев пен инспектор Ерболат Диханбаев тез арада іздестіру шараларын жүргізеді.

Жедел-іздестіру шарасымен, аудандық тәртіп сақшылары түнгі сағат 2-3-тер шамасында белгісіз азамат бір жылқының үстіне мініп, екіншісін жетектеп бара жатқанын көріп, тоқтатады. Нәтижесінде аталған жылқылар жәбірленушінің жылқылары екендігі анықталды. Ал күдікті көрші ауылдың тұрғыны болып шықты.

Тергеп-тексеру барысында күдіктінің мас халде тұрғандығы айқындалды. Ал екі бас жылқы заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы