389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутат ақтөбеліктерге саяси кеңес отырысындағы негізгі мәселелерді жеткізді

  • 194
  • UPD: 14:06, 27.08.2019
Депутат ақтөбеліктерге саяси кеңес отырысындағы негізгі мәселелерді жеткізді

«Нұр Отан» партиясының мүшелері, саяси кеңестің кеңейтілген отырысында белгіленген міндеттерді іске асыруға үлес қосуы тиіс!

Бұл туралы «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытының» ұжымымен кездескен мәжіліс депутаты Сергей Симонов айтты. Халық қалаулысы партияның отырысында көтерілген негізгі мәселелер мен алда атқарылуы қажет жұмыстардың бағыт-бағдарын жеткізді. Ел экономикасын өсіруге үлес қосатын кәсіпорындарды дамытуға бағытталған бағдарламаларды атап өтті. «Жалпы ішкі өнім жыл сайын 7 пайыздың көлемінде болуы тиіс, сәйкесінше еңбек өнімділігі де бірнеше есе артады. Бұл өз кезегінде елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосуға жақындататын нақты қадам» деді «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі. Зауыт елдегі мұнай өндірумен айналысатын кәсіпорындарға қажетті жабдықтарды шығаратын бірегей өндіріс орны. Жылына 600 мың дана сорғы штангаларын және өзге де өнімдерді дайындайды. 230-дан астам адам еңбек етеді.

Сергей Симонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Зауыт жұмысшылары өз құқықтары мен ел Үкіметінің осы бағытта жүргізіп отырған саясатын білуі тиіс. Еңбеккерлерге қатысты көптеген мәселелер шешішін тауып, халықтың әл-ауқатын жақсарту жөнінде жаңа бағдарламалар іске асып жатыр. Мәселен, қазір Парламентте әлеуметтік сақтандыру туралы жаңа заң қаралып жатыр. Онда еңбек қабілеті төмендегенде, жұмыстан айрылғанда немесе бала күтіміне орай демалысқа шыққанда және өзге де жағдайларға орай табысын жоғалтпау тетіктері талқыға түсуде.

Хабар 24 телеарнасы