386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар Алматыдағы жасөспірімдерге арналған орталыққа барды

  • 115
  • UPD: 14:34, 27.08.2019
Депутаттар Алматыдағы жасөспірімдерге арналған орталыққа барды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Сейдуманов пен Светлана Бычкова Алматыдағы жұмыс сапары барысында жасөспірімдерді уақытша ұстау орнына арнайы ат басын бұрды.

Орталықта 7-14 жас аралығында балалар оқып, тәрбиеленеді. Мамандар тарапынан психологиялық-әлеуметтік көмек көрсетіледі. Балаларды бұл орталықта ұстау мерзімі 6 айға дейін. Негізінен мұнда әртүрлі тұрмыстық қиындыққа тап болған жанұялардың балалары қабылданады. Ұжыммен кездесуде мұндай орталықтардың санын азайту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ халық қалаулылары «Балалардың құқығын қорғау» заңнамасы аясында нақты іс-шаралар қолға алынатынын айтты. 

Светлана Бычкова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Бізге осындай орталыққтағы балаларды туыстарының асырап алуына бола ма? деген сұрақтар қойылды. Біз бұл мәселені назарда ұстаймыз. Сонымен қатар білім саласында және балаларды тәрбиелеу ісінде жұмыс істейтін мамандардың зейнет жасын қысқартуға байланысты ұсыныстар көп айтылады. Оны да ескереміз.

Хабар 24 телеарнасы