389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде қолөнер шеберлерінің көрмесі өтіп жатыр

  • 223
  • UPD: 14:41, 27.08.2019
Ақтөбеде қолөнер шеберлерінің көрмесі өтіп жатыр

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара бір айға созылады.

Осы уақыт аралығында жергілікті танымал тоқымашылар мен ұсталар және тігіншілердің бұйымдарын тамашалап, тіпті ұнаған заттарды сатып алуға да болады. Негізінен теріден жасалған халқымыздың тұрмыстық заттары: торсық, құтылар мен қыш ыдыстар және көрпе-жастық пен түрлі кәде сыйлар қойылған. Үлкен кілемге тоқылған тарихи тұлғалардың бейнелері мен зергерлердің заттары да өнер сүйер қауым мен шетелдік туристердің қызығушылығын туғызып отыр. Көрмеге қала мен аудандардан қатысқан 15 шебердің 200-ге жуық бұйымы қойылған. Олардың арасында, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздар мен кәсіпқой мамандар да бар. Шараның негізгі мақсаты – жергілікті шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды көпшілік арасында кеңінен насихаттау.         

Айгүл Молдашева, қолөнер шебері: 

- Мұндай көрме ұйымдастыру өте қажет шеберлер үшін. Себебі біздер қаланың бір түкпірінде, бір шеберханада, өзіміздің тіршілігімізді істеп, қолөнерімізді дамытып, тігіп, тоқып отырамыз. Оның мүмкіндігі аздау. Ал егер көрме ұйымдастырсақ көрмеге келетін халық көп. Осы көрмелердің арқасында EXPO-2017 арқасында менің көрпелерім шетел қазақтарының төрлеріне де жетті. Мен соған өте қуанамын.

Хабар 24 телеарнасы