387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық кәсіпкерлер жастарға бизнестің қыр-сырын үйретті

  • 172
  • UPD: 15:17, 27.08.2019
Ақтаулық кәсіпкерлер жастарға бизнестің қыр-сырын үйретті

Ақтаулық кәсіпкерлер жастарға бизнестің қыр-сырын үйретіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Жастар жылы аясында өткен «Баста» форумына 100-ден астам адам қатысты. Ісі өрге домалаған кәсіпкерлердің ақыл-кеңесін тегін тыңдауға шалғайдағы ауыл жастары көп келген. Бизнес-тренерлер кәсіпті жоспарлау, оны бастау, кедергілерді жеңу мен табысқа жету жолдарын айтып берді. Аталған форумның кәсібін енді бастап жатқан жастардың қорқынышын жеңуге, бизнестегі қадамын бастап кетуге маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мұндай шараны апта сайын өткізуді көздеп отыр. Жалпы биыл 8 айдың ішінде Маңғыстау облысында 525 жұмыссыз тұрғын кәсіпкерлікке оқытылып, 68-і жеке кәсібін ашып үлгерген.

Кәмшат аманжолова, Жаңаөзен қаласының тұрғыны: 

- «Жас кәсіпкерлерден» 505 мың теңгені бірінші легі болып оқып, ұтып алдым. Менің қазір ашып жатқан кәсібім – лазермен ою және кесу. Тәжірибесі бар бизнесмендерден өзім болашақта осы бастап жатқан бизнесімді алға жылжу мақсатында үйренер нәрселерім көп деп келдім. 

Жалғас Дәулетов, жеке кәсіпкер: 

- Өкінішке орай, ондай іс-шаралар ол кезде көп болмайтын еді. Ақпарат өте аз, сол себепті көп қателіктер жібердік. Көп ақша ждоғалтып алдық. Сол қателіктеріміздің негізінде көп тәжірибе жинағаннан кейін енді қалған кәсіпкерлерге сол қателіктерді жасамау үшін соларға алдын ала ашып беріп, түсіндіріп, қандай қиындықтар болады, олардың қандай жеңу жолдары бар. Сұрақтарымызға қалай жауап іздейміз, қалай дамытамыз, қалай саудамызды көтереміз дегендей соларға өзіміздің жасаған тәжірибемізден үлгі береміз.

Хабар 24 телеарнасы