385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайырымдылық керуені» байқауы биыл екінші мәрте өткізіледі

  • 140
«Қайырымдылық керуені» байқауы биыл екінші мәрте өткізіледі

Елімізде екінші мәрте «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының өкілдері мәлімдеді.

Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге игі ықпал етуі тиіс шараны ұйымдастыруға «Хабар» Агенттігі де атсалысады.

«Қайырымдылық керуені» конкурсы биыл екінші мәрте өткізіледі. Үміткерлер әдеттегідей «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында» және «Қайырымдылық тарихы» атты 5 аталым бойынша іріктеледі. Ал жеңімпаздардың есімі келер жылы Алғыс айту күні қарсаңында жарияланады.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талап: әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге айрықша атсалысуы қажет.

Сандуғаш Бекжігітова, қалалық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі:

– Конкурсқа қатысушыларға шектеу жоқ. Бұл байқауға кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға қатыса алады. Өз үлесін шын жүректен мүлтіксіз елінің, жерінің, халқының қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысып және өз іс-әрекеттерімен мейірім шырағын жаға білген, басқаларға үлгі бола білген азаматтарды қолдауға бағытталған конкурс болып табылады.

Қолы ашық, жүрегі жомарт жандардың қоғамға сіңірген еңбегі де ескерусіз қалмайды. Биыл конкурсты ұйымдастырушылардың қатарында «Хабар» Агенттігігі де бар. Сондай-ақ Тұңғыш Президент - Елбасы қоры мен Іскер әйелдер қауымдастығы осы шараға ұйытқы болып отыр. Еске сала кетейік, былтыр байқауға 100-ге тарта адам қатысқан болатын. Олардың ішінде журналистік зерттеуіне өзекті мәселелерді арқау етіп, қоғам назарын аударған тілшілер бар. 

Ерлан Бекхожин, «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

– СҚО-да жас қыз өмір сүреді. Кішкентайынан ауыр дертке шалдыққан. Оны емдетуге ата-анасының жағдайы келмеді. Міне, осы қыздың өмірін қағаз бетіне түсірген журналистің мақаласы дүйім жұртқа лезде таралады. Жан тебірентер оқиғаның керемет жазылғаны соншалық, науқас қызға бүкіл ел көмектеседі. Халық ол қыздың еміне 7 мың еуро жинап берді.

Конкурсқа жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Олардың қызметі кез келген қайырымдылық шараға бағытталып, игі істері өзгелерге үлгі болуы шарт. Құжаттарды қабылдау 2 қыркүйекте басталады. 

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы