389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұғалімнің кәсіби функциясына кірмейтін міндеттерді жүктегендерге айыппұл салынбақ

  • 269
  • UPD: 19:34, 27.08.2019
Мұғалімнің кәсіби функциясына кірмейтін міндеттерді жүктегендерге айыппұл салынбақ

Бүгін Білім және ғылым министрі Үкімет мүшелеріне «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырды.

Бұл құжат ұстаздарды материалдық ынталандыруға һәм олардың құқықтарын кеңейтуге бағытталған. Атап айтқанда, мұғалімдердің балаларына балабақшаларда бірінші кезекте орын берілмек. Сондай-ақ мұнда «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасын бекіту де қарастырылған. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құқықтары да кеңейтілді. Енді олар оқыту мен тәрбиелеудің авторлық әдістерін әзірлеп, оны қызмет барысында қолдана алады. Оқу құралдарын өздері таңдау, ақпараттық ресурстарды тегін пайдалану мүмкіндігі де бар. Ал мұғалімнің кәсіби функциясына кірмейтін міндеттерді жүктеп, негізсіз тексерулер жүргізгізгені үшін жаза қолданылады. Айыппұл көлемі 20-дан 120 айлық есептік көрсеткішке дейін баруы мүмкін.

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

– Негізгі материалдық стимулдарға келетін болсақ, оның ішінде: сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін ақыны екі есеге өсіру; педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу қарастырылған. Сонымен қатар заң жобасында барлық педагогтер үшін демалыс уақытын 56 күнге дейін ұлғайту; магистр дәрежесі үшін және тәлімгер болғаны үшін қосымша ақы төлеу және тағы басқа шаралар көзделген.

Хабар 24 телеарнасы