387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының саяси кеңес отырысы өтті

  • 151
  • UPD: 22:23, 27.08.2019

Ақтау қаласында Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының саяси кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен партия жұмысын жаңғыртуға байланысты атқарылатын жұмыстар талқыланып, өңірдің экономикалық әлеуеті сөз болды.

Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жиынына Саяси кеңестің мүшелері, партия ардагерлері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. Кездесуде Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Елубай Әбілов, Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті сенім, диалог болашаққа нық қадам Nur Otan партиясы «Жеті серпін» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Атап айтқанда, Елбасы бағдарларламаға сәйкес партияның белсенді мүшелерін топтастыру, жемқорлықпен күрес және партияға лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдауды, барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін жүзеге асыруды биліктің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілкті арттыруды тапсырды.

Отырыста өңірдегі білім беру нысандары мен өндіріс секторының дамуы да сөз болды. Жыл басынан бері облыста 1628 орындық 22 балабақша пайдалануға берілген. Олардың барлығы жеке инвестиция есебінен салынған. Ал өндіріс көлемі соңғы жеті айда 1,7 трлн теңгенің өнеркәсіптік өнімін шығарған.

Аббат Өрісбаев, республикалық саяси кеңестің мүшесі:

– Жалпы біздің заңнамаларымыздың барлығында халықтың жағдайын жақсарту мақсаты болу керек. Себебі кейбір заңнамалар біздің халқымыздың әлеуетін арттыруға кейбір кезде қайшы болады. Ең басты мәселе, Елбасы айтқан экономика, кейін саясат.

Саяси кеңес отырысында партия қабылдауында болған тұрғындардың арыз-шағымдарының қаралу тәртібі назарға алынды. Қоғамдық қабылдауларда кері байланыс жолға қойылып, тұрғындардың әрбір арызы шешілмейінше, бақылаудан алынбайтын болды.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы