389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсу қаласында көп балалы отбасыларға арналған шағын аудан бой көтермек

  • 217
Ақсу қаласында көп балалы отбасыларға арналған шағын аудан бой көтермек

Павлодар облысының Ақсу қаласында көп балалы отбасыларға арналған шағын аудан бой көтермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерде мемлекет есебінен 26 қос пәтерлі үй салынып жатыр. Алғашқы отбасылар қоныс тойларын күзде атап өтуі тиіс. Осылайша 58 отбасы баспаналы болады. Тұрғын үйлердің барлығы орталықтандырылған жылу және су жүйесіне қосылады. Сонымен қатар әр аулада шаруашылықпен айналысу үшін әр пәтерге жер учаскесі беріледі. Құрылыс жұмыстарының барысымен Мәжіліс депутаттары Мейрам Пішембаев пен Нұрлан Әбдіров танысып қайтты. Айта кетерлігі, отбасылар пәтерлерді жалға алу құқығы бойынша иеленді. Жалдау құны айына 5 мың теңгеден аспайды.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз «Құтты мекен» партиялык бағдарламасы төңірегінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалар қаншалықты тиімді іске асып жатқанын бақылау, сол себепті осы төңіректе осындай объектілерді қарап жүрміз. Ол жерге тұрғындар көкөніс еге ме, басқасын еге ме өздері біледі.

Хабар 24 телеарнасы