387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы өлкетану музейі жаңа экспонаттармен толықты

  • 116
  • UPD: 23:30, 27.08.2019
ШҚО-дағы өлкетану музейі жаңа экспонаттармен толықты

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы өлкетану музейі жаңа экспонаттармен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тұрғындар үйлерінде сақталған көне заттарды, өңір тарихына қатысты жазбаларды әкеліп тапсырып жатыр. Олардың барлығы «Рухани жаңғыру» деп аталған жаңа залда орын тепкен. Атақты айтыскер, халық ақыны Қалихан Алтынбаевтың өзі ұстаған жеке заттары да музей төрінде тұр. Қазір қорда барлығы 3 мыңға жуық экспонат жинақталған. Ендігі мақсат – келесі жылғы ауданның 90 жылдық мерейтойына дейін жәдігерлер санын 5 мыңға жеткізіп, тарихи дүниелерді молайту.

Клара Смаилова, Көкпекті аудандық өлкетану музейінің директоры:

– Жаңадан орнатылған экспонат – ол балбал тас, 9-ғасырдағы адам мүсіні. Бұл да Биғаш ауылдық округінен табылған. «Рухани жаңғыру», «Болашаққа бағдар» акциясы аясында үлкен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Көкпекті ауданының киелі жерлері анықталып, дәлелденіп, осындай көрме ұйымдастырылды. Біз бекітілген кесте бойынша өскелең ұрпақ, жастар, мектеп оқушылары осында келуі ұйымдастырылған.

Хабар 24 телеарнасы