386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Союз МС-14» халықаралық ғарыш станциясымен түйісті

  • 83
  • UPD: 09:47, 28.08.2019
«Союз МС-14» халықаралық ғарыш станциясымен түйісті EPA-EFE/NASA TV

Бортында ресейлік «Федор» атты андроиды бар «Союз МС-14» кемесі екінші талпыныстан кейін халықаралық ғарыш станциясымен сәтті түйісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол орбитаға 22 тамызда шығарылған еді. Бірақ  алғашқы әрекеті  сәтсіз аяқталды. NASA ұйымы оның себебін «Курс» автоматты қондыру жүйесіндегі күшейткіште ақаулар болуымен түсіндірді. Бұл олардың алдын-ала болжамы. Дегенмен, ғарышкерлер андроидты станцияға жеткізу үшін бірқатар нақты қадамдарға баруына тура келді.

Хабар 24 телеарнасы