386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандының сот орындаушылары ерекше акция ұйымдастырды

  • 67
  • UPD: 09:53, 28.08.2019
Қарағандының сот орындаушылары ерекше акция ұйымдастырды

Олар безбүйрек әкелерден көмек көрмейтін 30-ға жуық балаға мектепке қажетті кеңсе тауарлары салынған сөмкелер тарту етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы 18 отбасының балаларын мектепке дайындау үшін сот орындаушылары өз қалталарынан қаражат жұмсаған.

Айта кету керек, Қарағанды облысында 20 мыңнан астам азамат алимент төлейді. Ал мыңнан астам  әке балаларына көмек көрсетуден бас тартып, қашып жүрген көрінеді.

Нұрғали Аймбетов, жеке сот орындаушысы:

- Безбүйрек дейді ғой өз балаларына көмектеспеген жағдайда біз тізім жинап, көмектесеміз. Ондай әкелер бар. Жеке сот орындаушылармен аналардың қарым-қатынасы арқасында біз олармен тығыз байланыстамыз және қай анаға қандай көмек керек екенін біліп көмектесеміз.

Мәрзия Құрбанова, қала тұрғыны:

- Алты балам бар. Жалғызбасты анаға әрине, қиын. Бір баланың өзіне жүз мың теңге кетеді. Осы кісілер көмек беріп отырады, мінекей, бүгінгі «Мектепке жол акциясы» болып жатыр, кеңсе тауарлары, сөмкелер, барлығын беріп жатыр, алғысымыз шексіз сот орындаушыларға.

Хабар 24 телеарнасы