387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жыл басынан бері 400-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген

  • 96
  • UPD: 11:50, 28.08.2019

Жыл басынан бері елордада 400-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген. Құтқарушылар тілсіз жаудан 150 адамды аман алып, 320 тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт сөндірушілер оқиға орнында қандай қиындықтарға тап болады?

Елорда халқын дүрліктірген өрт оқиғасының бірі шілде айының басында тіркелді. Көпшілікке британдық квартал деген атаумен белгілі тұрғын үй кешенінің шатыры өртенді. Құтқарушылар қызыл жалынды өшіруге бірден кірісе алмапты. Себебі, су гидранттарының қысымы жетпеген көрінеді. «Жалпы осы құрылғыларға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді», - дейді өрт сөндірушілер.

Саят Қажымов, өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы:

- Өрт гидранттарының орналасуына, олардың салынуына құрылыс компаниялары жауапты. Нысан салынып болғаннан кейін қаланың меншігіне тапсыру керек. Көп жағдайда бұл гидранттар қаланың меншігіне тапсырылмай, ақаулы күйге ұшырайды. Ешкім қадағаламайды.

Құтқарушыларға кедергі келтіретін тағы бір мәселе – тұрғындардың өз көліктерін жол бойына қойып кетуі. Соның салдарынан, өрт сөндіру техникасы аулаға бірден кіре алмайтын көрінеді. «Тіпті кейде оқиға орнына жақындаудың өзі мұң», - дейді өрт сөндірушілер.

Нұрым Орманов, №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі:

Бардық. Аула болды, автокөліктер көп, гидрант та алыс болды. 1 әйелді 3 баласымен алып шықтық.

Қазір елордада 11 өрт сөндіру бөлімшесі бар. Оның бесеуі мамандандырылған. Олардың қарамағында 124 техника бар. Ал, құтқарушылардың саны 1500-ге жуық. Міне, астаналықтарды тілсіз жаудан құтқаруға арналған бар ресурс осы. Алайда, өрт сөндірушілер: жауапкершілік әуелі әр азаматтың өзінде екенін ескертеді.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Ермек Кеншімбек

 

Хабар 24 телеарнасы