389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда дәмхана басшысы ер адамды құлдықта ұстаған

  • 178
  • UPD: 11:32, 28.08.2019
Қостанайда дәмхана басшысы ер адамды құлдықта ұстаған alashinform.kz

Қостанай облысында мейрамхана басшысы ер адамды шынжырға байлап ұстап, кейін өлтіріп тастаған.

Бұл туралы «Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Кисюк айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында жол бойындағы мейрамханалардың басшысы адамдарды құлдықта ұстап келген. Тегін жұмыс істетіп, тәнін сатуға дейін барған. «Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Кисюктің сөзінше, өңірде мұндай жағдайлар бірнеше рет қайталанған. Мәселен, ер адам 2016 жылы Меңдіқара ауданында құлдықта болған.

«Дәмхана басшысы оны шынжырда ұстап, байлап отырған. Лас қолдарымен қазаннан ас ішкені үшін оны өлтіріп тастаған. Алайда, бұл қылмыстың беті биыл ғана ашылып отыр. Құлдық – психологиялық соққы. Біздің қор мұндай жағдайлардың алдын алу үшін кешенді шаралар өткізеді. Екі жыл ішіндн 28 қостанайлыққа психологиялық, тұрмыстық көмек көрсетілді», – дейді Нина Кисюк облыстық полиция департаментінде өткен брифингте.

Бүгінде Қостанайда адам саудасының құрбандарына арналған баспана бар. Онда 4 адам өмір сүреді. Оларға әлеуметтік қызметтің 8 түрі көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы