387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда халықаралық құс өсірушілер форумы басталды

  • 137
  • UPD: 13:07, 28.08.2019

Елімізде өндірістік құс шаруашылығымен айналысатын 65 кәсіпорын бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қордаланған түйткілдер мен бөлісер тәжірибе баршылық. Елордада басталған халықаралық құс өсірушілер форумында аталған жайттар кеңірек сараланады. Сегізінші рет ұйымдастырылған шараға әлемнің 25 елінен 200-ден аса қатысушы келген.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Еуропа, Азия, ЕАЭО елдері және басқалар. Бүгін Қазақстанның бас қаласында ұзын саны 200-ден асатын шетелдік делегаттар бас қосты. Еуразиялық одақ демекші, форум аясындағы аталған елдердің құс өсірушілер қауымдастығының екінші жиыны да бүгін ұйымдастырылып жатыр. Қазақстанда 65 ірі құс шаруашылығы жұмыс істейді. Оның 33-і жұмыртқа, 24-і ет және 5-еуі асылтұқымды құс өсірумен айналысады. Әзірге ет бағытындағы шаруашылық қарқынды. 3-4 жылда өндіріс көлемін 30-40%-ке арттырған кәсіпорындар бар. Алдағы уақытта Ақмола, Атырау, Павлодар облыстарында бірнеше өндіріс ошағы ашылуы тиіс. Отандық құс өнімдері бәсекеге қабілетті. Бастысы сапа. Осы ретте 2017-2027 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырылып жатқанын айта кетейін. Ал оның нәтижесі туралы маман айтады

Болжам бойынша 2027 жылы өндіріс 744 мың тоннаға жетеді. Ал импорт 50 мың тоннаға азаяды. Экспорт 150 мың тоннаға артады.

Хабар 24 телеарнасы