389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында ауыл тұрғыны алқаптан граната тауып алды

  • 123
  • UPD: 12:54, 28.08.2019
Павлодар облысында ауыл тұрғыны алқаптан граната тауып алды pavlodarnews.kz

Тереңкөл ауданында ауыл тұрғыны алқаптан граната тауып алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

27 тамыз күні сағат 15:15-те Тереңкөл ауданының кезекші бөліміне Трофимовка ауылының 1986 жылы туған, комбайншы болып жұмыс істейтін тұрғыннан қоңырау келіп түскен. Ол ауылдан 200 метр қашықтықтағы алқаптан қол гранатасына ұқсас зат тауып алған. Жедел тергеу тобы және саперлер анықталған жерге барды. Тексеру жасалды. Қол гранатасы оқу-жаттығуға арналған болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы