387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға ядролық қарудан азат аймақтардың өкілдері жиналды

  • 124
  • UPD: 14:01, 28.08.2019

Ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастық нығаяды.

Ертең, 29 тамызда еліміз халықаралық ядролық қаруға сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай елордаға ядролық қарудан азат аймақтардың өкілдері жиналды. Семинар барысында аймақтардың географиясын одан әрі кеңейту, оған қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылардың айтуынша, бұл шарт ядролық бағдарламалардың қысқаруына, қауіпсіз әлемнің негізін құруға септігін тигізді. Сондай-ақ осы іс шараның аясында  қазақстандық суретші, халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белсенді мүшесі Кәріпбек Күйіковтың жеке көрмесі ұйымдастырылды.

Кәріпбек Күйіков, «Атом» жобасының елшісі:

Бүгінгі семинардың мақсаты да, маңызы зор. Мұндай іс-шаралар ядролық қарудың адамзатқа қаншалықты зардап әкелетіндігін еске салады. Егер қандай да бір қару мейлі ол химиялық болсын, басқа болсын террористердің қолына түссе не болады? Ойлағанның өзі қорқынышты. Мен алғаш болып ядролық қарудан бас тартқан елде, Қазақстанда тұрып жатқаныма, осы мемлекеттің азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Бұл өзгелерге үлгі болуы тиіс. Біз осыны насихаттауымыз қажет.

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Барлық мүдделі тараптардың ұсыныстарын жинау, ортақ ойлармен бөлісу және біздің Елбасымыздың ұсынған идеясын , басқа мемлекеттердің бастамаларын қалай іске асырудың жолдарын, амалдарын талқылау. Өйткені ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу біздің еліміздің ғана емес, дүниежүзіндегі барлық елдердің мүддесі деп білеміз.

Хабар 24 телеарнасы