Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ірі өндірістік құс шаруашылығымен 65 кәсіпорын айналысады

  • 360
  • UPD: 13:43, 28.08.2019
Қазақстанда ірі өндірістік құс шаруашылығымен 65 кәсіпорын айналысады

Елордада халықаралық құс өсірушілер форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен сегізінші рет ұйымдастырылған шараға әлемнің 25 елінен 200-ден аса делегат келген.

Айта кетейік, Қазақстанда ірі өндірістік құс шаруашылығымен 65 кәсіпорын айналысады. Оның 24-і ет, 33-і жұмыртқа өндірсе, 5-еуі асыл тұқымды құс өсіріп отыр. Келешекте Атырау, Алматы, Павлодар облыстарында да осындай өндіріс ошақтары бой көтереді. Мамандардың айтуынша, ішкі нарықты отандық құс өнімдерімен толық қамту үшін өндірісті тағы 100 мың тоннадан асыру керек. Биыл АҚШ-тан 140 мың тонна өнім аламыз. Бірақ жергілікті құс өндірушілер бұл оймен келіспейді. Себебі, сырттан әкелінетін ет пен жұмыртқа сапасы күмәнді. Ал қазақстандық өнім халал стандартқа сай болғандықтан, мұсылман елдерінде сұранысқа ие. 2027 жылға дейін импортты 50 мың тоннаға азайту мақсат. Ол үшін америкалық бәсекелестерді еңсеру маңызды.

Руслан Шәріпов, ҚР Құс өсірушілер қауымдастығының төрағасы:

Үш жылдың ішінде ресейлік шаруашылық қалай өсті. Қазір 3 млн-дай ет өндіреді. Былтырғы жылдары біз қарсы болғанбыз. Ресей арқылы жүреді ғой бізге. Бірақ та олар бәрібір Грузия арқылы кіргізіп отыр. Енді ол ет біздің шекараға келгенше 80 цент болады.

Хабар 24 телеарнасы