389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда екі жылда 100 жер үй сүрілмек

  • 184
  • UPD: 13:48, 28.08.2019
Петропавлда екі жылда 100 жер үй сүрілмек

Петропавлда екі жылда 100 жер үй сүріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жұмыстар «Жас өркен», «Береке», «Копай», «Зайсан» және «Шығыс» ықшам аудандарында жүргізіледі. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, ескі баспаналардың орнында көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар пайда болады. Жалпы облыс орталығында өткен ғасырдың ортасында салынған 15 мыңнан астам жер үй бар. Қазір оларды сүру үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

Самат қҚйнарбеков, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

- Қазір 42 гектар жердің жоспарлау жобасына түзету енгізіліп жатыр. Ол бойынша «Копай» ықшам ауданында 20 шақты тұрғын үй мен балабақша, мектеп салу жоспарланған. Бұл жұмыстар бюджеттен ақша бөлінген соң басталады.

Хабар 24 телеарнасы