389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ҰҚК Павлодар облысында есірткіні жеткізу арнасының жолын кесті

  • 150
ҚР ҰҚК Павлодар облысында есірткіні жеткізу арнасының жолын кесті

ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысы аумағына есірткі заттарын жеткізу өңірлік арнасын ұйымдастыруға қатысы бар ҚР азаматы К.Құсаиновтың заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, ҰҚК департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде К.Құсаинов 2019 жылғы 1 наурызда өзінің автокөлігімен Қарағанды қаласынан Павлодар қаласына марихуана есірткі затының ірі партиясын өңір аумағында өткізу мақсатында жеткізген.

ҰҚК департаменті ү.ж. 2 наурызында К.Құсаиновты 20 кг марихуана есірткі затын өткізу әрекеті кезінде ұстады.

Бұдан өзге, тергеу амалдары кешенін жүргізу барысында тұтқын Павлодар қаласында тұратын туысқанының тұрғылықты жерінде жасырылған 10 кг марихуананы өз еркімен берді.

Нәтижесінде тәркіленген есіркінің жалпы салмағы 30 кг құрады.

Ү.ж. 16 тамызында Павлодар облысы қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық соты шешімімен тұтқын ҚР ҚК 297- бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі түзету колониясында жазасын өтеуге 11 жылға бас бостандығынан айыруға кесілді.

Ақпарат: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы