387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жастар арасында «Болашақ» қауымдастығы бастамашы болған жиын өтті

  • 111
  • UPD: 15:25, 28.08.2019
Оралда жастар арасында «Болашақ» қауымдастығы бастамашы болған жиын өтті

Оралда «Жастар ұйымдарының тәжірибе алмасу және нетворкинг жобасы» атты шара өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Болашақ» қауымдастығы бастамашы болған жиынға Батыс Қазақстан облысынан бөлек, еліміздің Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларынан келген 200-дей жас қатысты. Мақсат – елдегі белсенді жастармен қарым-қатынасты нығайту. Ғылым, мәдениет пен спорт саласындағы бірлескен жобаларға қолдау көрсету. «Үздік тәжірибелерді бөлісуге жол ашу» - дейді ұйымдастырушылар.

Лаура Демесінова, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры:

- Бүкіл жастарға қызық болған жобаның бірі – ол қоқысты қайта өңдеу. Мысалы, біздің бір қонағымыз ол қазіргі кезде қоқыстан, газеттерден жаңадан киім өндіріп жасап жатыр. Бұл барлық жобаларды бір кітапша арқылы жинастырып, жыл соңына дейін бүкіл Қазақстан бойынша кітапша шығарамыз. Бұл кітапшаға еркін қол жеткізуге болады, Қазақстанның жастарына жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы