389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент төрағалығымен Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өтеді

  • 298
  • UPD: 14:41, 28.08.2019
Президент төрағалығымен Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өтеді

Елордада ұлттық кеңестің үйлестіру-дайындық отырысы өтті. Оған кеңес мүшелерінің барлығы қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың белді мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Жиында кеңес қызметінің алда атқаратын жұмыстары пысықталды. Сондай-ақ арнайы жұмыс топтары құрылды. Енді кеңес мүшелері саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешілуіне атсалысатын болады. Осы басқосуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтетіні мәлім болды. Алқалы жиын 6 қыркүйекке жоспарланған.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Президент әкімшілігінің басшысы, ұлттық кеңес төрағасының орынбасары:

- Ұлттық кеңесте ел ішінде қордаланған мәселелер талқыға салынады, мемлекеттік құрылымға қатысты кез келген өзекті әрі өткір проблемалар ашық қозғалады. Кеңес мүшелерінің қызметін тиімді ету үшін әр сала бойынша жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданды. Бұл қадам  күрделі проблемаларды жүйелі әрі кешенді түрде шешуге ықпалдасады деген сенім бар. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 6 қыркүйек күні өтеді.

Хабар 24 телеарнасы