386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пойыз билетінің бағасы арзандады

  • 106
  • UPD: 14:44, 28.08.2019
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пойыз билетінің бағасы арзандады 7kun.kz

Барлық топтағы мүгедектер үшін пойыз билетінің құны 50 % арзандады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

2019 жылдың 28 тамызынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жолаушылар тасымалы, қол жүктері, жүктер мен пошта жөнелтілімі ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығы күшіне енді.
«Атап айтқанда, бұл өзгерістер заңсыз билет саудалайтындарға қарсы бағытталған шаралардың бірі. Ол ең алдымен жолаушылардың ұйымдастырылған тобының жол жүруі мен рәсімделуіне қатысты. Енді заңды тұлғалардан тапсырысты заңды тұлғаның электронды-цифрлық қолы бойынша рәсімдеуге болады, билет бұрынғыдай топтың барлығын бір бланкта емес, әрбір жолаушы бөлек рәсімделеді. Резервке қойылған орындарды сатып алу мен тапсырыс беру мерзімі де өзгертілді. Жолаушылардың ұйымдасқан тобының алғашқы тізіміне өгерістер енгізу бойынша шектеу бар. Қайтарылмайтын депозит көлемі топтың жалпы жол жүру құнының 30% құраса, бұрындары бір орынды резервке қоюға 290 теңге көлемінде алым алынатын» – деп хабарлады компанияның ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

Сондай-ақ жолаушының сапардан бас тартуына байланысты билетті қайтару операциясы үшін 1000 теңге көлеміндегі алым алынып тасталды.

Хабар 24 телеарнасы