389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Конституция күніне орай дөңгелек үстел өтті

  • 292
  • UPD: 16:11, 28.08.2019

Мемлекеттік органдар Конституцияға тиімді жұмыс істейтін құқықтық құжат ретінде қарауы қажет.

Ата Заң күніне орай өткен дөңгелек үстелде Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми осылай деді. Оның айтуынша, бұл үшін конституциялық дүниетанымды дамыту маңызды. Шараға қатысушылар, мемлекет пен қоғамның трансформациялануы кезеңінде құқыққа деген тың көзқарас керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ құқық қорғау жүйесін жетілдіру, жаппай цифрландыру процесінде жеке тұлғаның мүдделерін қорғау кепілдігін нығайту мәселелері талқыланды.

Қайрат Мәми, ҚР Конституциялық кеңестің төрағасы:

- Конституция – саяси, құқықтық, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардың даму бағыттарын айқындайды. Сондықтан қазіргі таңда қабылданбақ шаралардың өміршеңдігі Ата Заңның жасампаз әлеуетінің толыққанды жүзеге асуымен тікелей байланысты. Біз барлық күш-жігерімізді Ата Заңның жоғары заң күшін және тікелей қолданылуын қамтамасыз етуді бағыттауымыз тиіс.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Жалпы IT-технологияларды кеңінен енгізу азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жедел және тиімді қорғау үшін, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарының жұмысын оңтайландыруға қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыру зор маңызға ие.

Хабар 24 телеарнасы