389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік полицейлер «Мектепке жол» акциясына үлес қосты

  • 184
  • UPD: 15:17, 28.08.2019
Ақтөбелік полицейлер «Мектепке жол» акциясына үлес қосты

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясына ақтөбелік полиция қызметкерлері үлес қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, аз қамтылған және көпбалалы отбасының балаларына киім-кишектер мен оқу құралдарын алып беріп, олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасады. Акция басталғалы екі ай ішінде 53 оқушыға көмек көрсетілді. Олардың арасында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар да бар. Тәртіп сақшылары қайтыс болған әріптесінің жанұясына қолдау көрсетіп, мектепке баратын үш оқушының қажетті құралдарын да алып берген. Полиция департаменті бұл тұрғыдағы шараларын әлі де жалғастырмақ.

Атығай Арыстанов, облыстық ПД бастығы:

- 2 миллионнан артық теңгеге осындай көмек көрсетіп жатырмыз. Жалпы полиция қызметкерлері қылмыспен күресу емес, алдын алу емес, елмен бірге, халықпен бірге осындай балалардың өмірін қорғау үшін, қауіпсіздігін қорғау үшін жалпы республика бойынша облыс бойынша жаңа іс-шаралар өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы