387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде кәсіби деңгейі жоғары мамандар даярлау қолға алынды

  • 152
  • UPD: 20:44, 28.08.2019

Елімізде кәсіби деңгейі жоғары мамандар даярлығы нықтап қолға алынды. Әсіресе Үкімет басшысының тапсырмасынан кейін 120 кәсіптік стандарт әзірленген.

Жыл соңына дейін олардың саны 480-ге жету керек. Бұл мәселе бүгін біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес отырысында талқыланды. Елордадағы жиында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев алдағы 4 айдың ішінде осы жұмыстар толық аяқталуы керек деді. Бұған қоса ол қазіргі эконмиканың сұранысына сай мамандар даярлығы өте өзекті мәселе екенін алға тартты. Басқосу барысында осы бағытта атқарылып жатқан басқа да шаралар сөз болды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Осы тапсырмаларды орындау үшін әрбір министрлік басшысы мен орынбасарлары өз саласындағы кәсіптік стандарттарды дайындау қажет. Бұл тапсырма осыған дейін де Елбасының 100 нақты қадамында көрсетілген болатын. Сондқытан, әр тарап бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарауын сұраймын. Жауапкершілік болған жерде, нәтиже де болады.

Хабар 24 телеарнасы