387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Cамұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында бір бос орынға 300 адамнан келеді

  • 152
  • UPD: 20:02, 28.08.2019
«Cамұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында бір бос орынға 300 адамнан келеді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында бір бос орынға 300 адамнан келеді. Ал өз ішінде  жоғары лауазымдарға тағайындау 3 жарым есеге өскен.

Компанияның  кадрлық саясаты дарынды жастарды қолдауға  бағытталған. Бұл туралы «Үздік маман» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Бұл шара «Жас Самұрық» жобасының аясында жүзеге асырылды. Дауыс беру нәтижесінде он маман үздік деп танылып, оларға ақшалай сертификаттар табысталды.  Айта кетейік, былтырғы жылы қор  жаңа кадрлық саясат қабылдады. Соның аясында конкурстық іріктеудің бірыңғай рәсімі енгізіліп, Samruk Qyzmet  бос орындар сайты іске қосылды. 

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ басқарма төрағасы:  

- Бүгін осы залға компанияның ең үздік деген мамандары жиналды. Олардың іскерлігі, жаңашылдыққа деген ұмтылысы, еңбекқорлығы көпке үлгі. Байқауға қатысушылардың барлығы да өз ісінің, кәсібінің нағыз мамандары. Өздеріңіз білесіздер, бүгінде әлем қас-қағым сәтте өзгеріп жатыр. Бұрын қиял ғажайыптай көрінетін кейбір жайттар, өмірімізге енді.  Сондықтан, біздің қызметкерлеріміз де заман ағымынан қалмауы тиіс. Яғни, үнемі ізденісте болғаны абзал.

Хабар 24 телеарнасы